Қостанай облысында аудан әкімі мүлкін қитұрқылық жолмен заңдастырған

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін Қостанай облыстық сотының апелляциялық алқасы Қостанай облысы Жангелдин ауданының әкімі Асқарбек Кенжеғариннің Малая Чураковка ауылындағы тұрғын үйін заңдастыру жұмыстарын талапқа сай емес деп тану туралы қаулы шығарды.
None
None

Сот зейнеткер Омархан Мұхитбековтың өз үйін Кенжеғариннің заңсыз иеленгені және сатып жібергені туралы шағымын қарады және қанағаттандырды.

Апелляция алқасы Қостанай облысы Алтынсарин ауданында өткен бірінші деңгейдегі соттың шешімін жоққа шығарды. Онда зейнеткердің талабы қабылданбай, әкімнің мүддесі қорғалған еді.

Соңғы жаңалықтар