Қостанай облысында ауыл әкімі қызметінен босатылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Меңдіқара ауданының әкімі Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің  ұсынысымен Михайловск ауылдық округінің әкімі міндетінен уақытша шеттетілген Әділбек Кәкімбековті қызметінен босатты. Ауыл әкімі халыққа ескертпей, өз бетінше меморандумды бұзған. Онымен қоймай, шаруа қожалығының жерін тартып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанай облысында ауыл әкімі қызметінен босатылды

Кәкімбековті Михайловск ауылдық округінің әкімі қызметінен босату фактісін аудандық әкімдіктің кадрлар бөлімі растады.

Дәл осы жерде Әділбек Кәкімбековтың шығарылған шешімге наразы екені белгілі болды. Экс-әкім шешімнің үстінен шағым түсіріп, сотқа жеткізбек ойда.

Еске салайық, Меңдіқара ауданы Михайловск ауылдық округінің бұрынғы әкімі  Әділбек Кәкімбековке қатысты тәртіптік іс Қостанай облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысында талқыланған еді.