Қостанай облысында ауыл сыртынан өзін өлтірген бойжеткеннің денесі табылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысындағы Архиповка ауылының маңынан қыздың денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанай облысында ауыл сыртынан өзін өлтірген бойжеткеннің денесі табылды

Қостанай облысының полиция департаменті бұл фактіге түсінік берді.

«27 тамыз күні сағат 17.00-де Архиповка ауылынан 5 шақырым жерде саңырауқұлақ терушілер алдын ала болжам бойынша өз-өзіне қол жұмсаған қыздың денесін тапты. Қазіргі уақытта полиция осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады»,-деп түсіндірді полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Аймақтық БАҚ-тың хабарлауынша, желіде қыздың денесі табылған жерден видео тараған.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізіліп, сараптама тағайындалды.