Қостанай облысында автобус жүргізушілері қандай заңбұзушылыққа жиі барады
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат — Қостанай облысында «Автобус» республикалық жедел-профилактикалық шарасы барысында заң бұзудың 247 фактісі анықталды. 11 жүргізуші автобусты заңсыз қайта жабдықтағаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Техникалық тексеруден өтпеуге қатысты – 17 факті, рейс алдында және медициналық тексеруден өтпеудің 5 фактісі тіркелді. 11 көлік техникалық регламент талаптарына сай болмаған, сондай-ақ басқа да автобустардан көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар немесе жағдайлар анықталды», - деді полициядан.
Автобус жүргізушілері арасында мынадай фактілер жиі кездескен: 34 жүргізуші ұялы телефонмен сөйлескен, 54-і – маневр жасау ережесін бұзған.
8 заңсыз тасымалдаушы әкімшілік жауапқа тартылды және сонша автобус парктерінің жауапты тұлғалары жазаланды.
Полицейлер Төтенше жағдайлар департаментімен бірге 129 автобустың өрт қауіпсіздігі талабына сәйкестігін, электр жабдықтарының жай-күйін тексерді.