Қостанай облысында автокөлік қатынасы шектелді - ККМ

АСТАНА. 25 наурыз. ҚазАқпарат - 2011 жылғы 25 наурыз күнгі 18.00 сағаттан бастап Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығы (қатты жел, боран) және жолдың нашар көрінуіне байланысты автокөліктердің барлық түрлеріне барлық бағытта жүруге тыйым салынды,

Қостанай облысында автокөлік қатынасы шектелді - ККМ

деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

Шығыс Қазақстан облысының Омбы - Майқапшағай автожолының Семей - Қалбатау (Георгиевка) (758-904 шқ) учаскесі де осы уақытта әлі жабық. Ал, Алматы - Өскемен автожолының Аягөз - Қалбатау - Өскемен учаскесінде (778-1079 шқ) қазірге кезде жол ашық.