Қостанай облысында азық-түлік жәрмеңкелері қайта жаңартылады

ҚОСТАНАЙ. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қостанай облысында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу тәжірибесі жаңартылады.

Қостанай облысында азық-түлік жәрмеңкелері қайта жаңартылады

Аймақ басшысы Нұралы Сәдуақасовтың өкімімен бұл жәрмеңкелер облыстың барлық аудандары мен қалаларында ұйымдастырылады. Бұл азық-түлік нарығындағы инфляциялық процестерді ұстап тұруды жандандыруға мүмкіндік береді, деп есептейді әкім.

Бірінші жәрмеңке 20-21 қыркүйек күндері облыс орталығында өтетіні шешілді, ол үлкен мереке ретінде ұйымдастырылып, концерттік бағдарламамен қоса өткізіледі.

Осындай жәрмеңкелердің барысында билік көздерімен арнайы ұйымдастырылған сауда орындарында жергілікті тауар шығарушылар өздерінің тауарларын үстемесіз сатуға мүмкіндік алады.