Қостанай облысында балалар үйінің түлектеріне баспана берілді

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қостанай облысында балалар үйінің түлектері арнайы мониторингтік топтың араласуынан кейін жатақханадан бес бөлме алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Қостанай облысында мемлекеттік қолдау арқылы тұрғын үй беру кезінде балалар үйі түлектерінің құқығы бұзылған.

«Сонымен қатар, балалар үйінің түлектері заңды шаршы метр алу құқығы туралы хабардар болмаған. Соның кесірінен  бес жылдан астам уақыт тұрғын үй подъездерін паналаған», - деді республикалық арнайы мониторинг тобы төрағасының орынбасары Рафаэль Гасанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзінше, республикалық арнайы мониторинг тобы мен БАҚ жарияланған материалдардан соң оларға жатақханадан бес бөлме берілді.

 «Бүгінде халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспанаға ие болуы өте өткір мәселеге айналды. Біздің топ барлық өңірде болып, нақты ұсыныстарын жеткізді. Бұған қоса сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын болдырмау үшін байқау кеңесінің құрамына белсенді кіруді ұсындық. Қазіргі таңда бұл сұрақ әлі күн тәртібінен түскен емес», - деп түсіндірді Рафаэль Гасанов. 

Өткен аптада арнайы мониторинг топ өкілдері Түркістан облысына барып, балалардың жағдайын біліп қайтты.

 

Автор: Гүлмира Сарбасова

Соңғы жаңалықтар