Қостанай облысында басқарма басшысы ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қостанай облысы табиғи ресурстар және табиғатты қорғауды реттеу басқармасының басшысын пара алды деген күдікпен ұстады, деп хабарлады облыстық прокуратураға сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА.
«Табиғи ресурстар және табиғатты қорғауды реттеу басқармасының басшысы А. Мауқұлов 2017 жылғы 30 маусымда сағат 17.10-да ҚК 366-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыстық заң бұзушылықты жасады деген күдікпен ұсталды.
Қылмыстық іс бойынша тергеуді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент тергеушілері жүзеге асырады», - деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметінен.