Қостанай облысында бес автокөлік соқтығысып қалды
АСТАНА. Желтоқсанның 16-сы. ҚазАқпарат - Қостанай облысында бес автокөлік соқтығысып қалды,
деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жол апаты сейсенбі күні сағат 8.55-те Қостанай-Әулиекөл-Сурган тас жолының 71-ші шақырымында тіркелді. «Фольксваген» маркалы үш автокөлігі мен «Ауди» және «ВАЗ» маркалы көліктер жол-көлік оқиғасына ұшырады.
Оқиға салдарынан «Ауди» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханада қайтыс болды, «Фольксваген» көліктерінің біреуінің жүргізушісі мен қалған екі көліктің жолаушылары ауруханада жатыр.