Қостанай облысында «Бизнестің жол картасы» мембағдарламасы аясында 52 жоба мақұлданды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - «Даму» Кәсіпкерлікті қолдау қорының қостанайлық филиалының ақпаратынша, бірінші жартыжылдықта «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жалпы құны 52,5 млрд. теңгені құрайтын 52 жоба Қор тарапынан қолдауға ие болған. Бұл туралы Қор менеджері Әсел Казакова мәлім етті.

Қостанай облысында «Бизнестің жол картасы» мембағдарламасы аясында 52 жоба мақұлданды

«Субсидиялау бойынша аймақтық үйлестіру кеңесі 5 млрд. 454 млн. 500 мың теңгенің 52 жобасын мақұлдады. 2 млрд. 840 млн. 900 мың теңгенің 66 субсидиялау келісімшартына қол қойылды. Кепілдендірілген 194,9 млн. теңгенің 27 жобасы қолдауға ие болды, 201,8 млн. теңгеге кепілдік шартына қол қойылды», - деді Ә. Казакова.

«Даму» Қорының өз бағдарламаларын жүзеге асыру аясында «Даму-Көмек» бағдарламасы бойынша 1-ші жарты жылдықта мүмкіндігі шектеулі 6 кәсіпкерге демеушілік қолдау көрсетілді.