Қостанай облысында бойжеткен мен ер адам хабар-ошарсыз кетті
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі із-түзсіз жоғалғандар туралы мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20 жастағы Денисов ауданының тұрғыны Екатерина Пудвиль 7 қараша күні түнде үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.
Оның үстінде қара түсті күрте, қара шалбар, қара кроссовка болған. Басына қалпақ кимеген. Ерекше белгілері: сол қолында ұшақ түріндегі татуировка, оң қолына қос жүрек бейнесінде татуировка салынған.
Полиция атап өткендей, бойжеткен бұған дейін үйінен ескертусіз кетпеген.
Сондай-ақ, Қостанай облыстық полиция департаменті 1968 жылғы Виктор Степанович Фердецкийді іздеп жатыр. Ол Алтынсарин ауданы, Үлкен Чураковка кентінде тұрған. Ер адам 8 қарашада Новониколаевка және Приозерный кенттерінің аралығында орналасқан жайлаудан белгісіз жаққа шығып кеткен.
Сипаттамасы: бойы - 190 см, шашы - ақшыл сары. Ерекше белгілері: иегінде шұңқыры бар. Қара күрте, қара шалбар киген.
Департамент жоғалғандар туралы қандай да бір ақпарат білетін жандардың 102 нөміріне хабарласуын сұрайды.