Қостанай облысында бұрынғы әкім пара алғаны үшін 31 миллион теңге айыппұл төледі
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - 1,7 мың АҚШ доллары көлемінде пара алған Октябрь ауылдық округының әкіміне алған пара сомасының 60 есесі, яғни 31 миллион 368 060 теңге айыппұл төлеу міндеттелді. Айыппұл толық көлемде өтелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қостанай облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Сонымен қатар, сотталушы мемлекеттік органдардың әкімшілік-ұйымдастырушылық немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларын орындау бойынша жергілікті атқару билігінің өкілі қызметін жүзеге асыру құқығынан түбегейлі айырылды», - делінген хабарламада. Ауылдық округ әкімі пара алып, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін заңсыз бергені үшін сотталды.