Қостанай облысында дән тазартқыш кешен жанып кетті

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай ауданы Майкөл ауылында жарақтандырылған қырман құрылымы жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысында дән тазартқыш кешен жанып кетті

Төтенше жағдай бүгін таңғы сағат 3.12-де болған.

«Жеке кәсіпорындардың бірінің аумағында 70 шаршы метр жарақтандырылған қырман (дақылдарды жуып, кептіретін орын) жанып кетті. Өрт 04:30-да ауыздықталып, 05:12-де сөндірілді», - деп хабарлады департаментте.

Ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.