Қостанай облысында дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең Қостанай облысында жел күшейіп, нөсер жауады, кей жерлерде бұршаққа ұласуы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Қостанай облысында дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал

«9 тамызда тәулік бойы Қостанай облысында кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз қатты ыстық, ауа температурасы кей жерлерде 35 градусқа жетеді», делінген хабарламада.