Қостанай облысында диірмен кешеніне найзағай түсті
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында диірмен кешеніне найзағай түсіп, екі астық қоймасы құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.
«1 тамызда сағат 21:50 шамасында «Компания САЛАМАТ» ЖШС диірмен кешенінің аумағында құрылыстар құлаған (2 астық қоймасы). Алдын ала ақпараттарға сәйкес бұл нысандарға найзағай тиген. Жағдай авария ретінде тіркелді. Зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.
Оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жұмыс істейді. Барлық қатысы бар адамдар анықталғаннан кейін департамент аварияны тергеу жөніндегі комиссия құрады.
Тергеу нәтижелері қосымша хабарланады.