08:32, 21 Ақпан 2013 | GMT +5
Қостанай облысында егде жастағы әйел мен ер адам түнгі өрт кезінде қаза тапты - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні түнгі сағат үште Қостанай облысының Боровское ауылында жекеменшік тұрғын үйде өрт болды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нен.

64 шаршы метр аумақты шарпыған жалынның таралуы бір сағаттан кейін тоқтатылып, таңертеңгі сағат тоғыз жарымда толығымен ауыздықталды. Онымен күреске ҚР ТЖМ Қостанай облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 8 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнында 89 жастағы әйел мен 40 жастағы ер адамның мүрделері табылды.