Қостанай облысында екі апалы-сіңлілі хабар-ошарсыз кетті
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында Жуковка ауылынан жоғалып кеткен апалы-сіңлілі іздестірілуде, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Үлкені 22-де, кішісі 15-те.
Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметінде хабар-ошарсыз кеткендерді іздеу туралы ақпаратты растады.
«Іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Аудандық және қалалық ішкі істер бөлімдеріне бағдар жіберілді, - деп атап өтті баспасөз қызметінде. - Бұл ретте бойжеткенді 25 наурыздан бастап ешкім көрмеген, ал туыстары полицияға кеше ғана өтінішпен жүгінді».
Қостанайда екі апалы-сіңлілінің жоғалып кеткені туралы «ВКонтакте» әлеуметтік желісінен белгілі болды. Рита Гардеева деген пайдаланушы «Тыйым салынған қала Қостанай, Рудный, Лисаковск» байланыс бөліміне бойжеткендерді іздеуге көмек сұрап, өтініш білдірді. Олардың есімдері - Анжела және Антонина Гежа екені хабарланды. Гардееваның айтуынша, қыздар 25 наурызда Қостанайдан шығып, Жуковкаға бармақшы болған. Оларды соңғы рет «Жылыжай комбинаты» аялдамасында көрген. Анжела қызғылт күртеше, қара трико, қара-ақ түсті кеды киген, Ал Антонина - ақ күртеше, джинсы және уги етікте болған.
Жоғалған апалы-сіңлілердің қайда екенін білетіндер болса полицияға 102 нөміріне қоңырау шалуларын өтінеді.