Қостанай облысында электронды денсаулық паспорты енгізіледі

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында электронды денсаулық паспорты енгізілмек. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Екатерина Слободенюк айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысында электронды денсаулық паспорты енгізіледі

Екатерина Слободенюктің сөзінше, 2018 жылдың соңында облыс тұрғындарының тең жартысы  электронды денсаулық паспортына ие болады. Қазірдің өзінде мұндай құжат 38 мың тұрғында бар.

 «Электронды денсаулық паспортын тұтыну үшін өңір бюджетінен 361 млн теңге қарастырылды. Қазіргі мәлімет бойынша, аталған паспорт алдымен 41 медициналық мекемеде енгізіледі.  Әр медициналық мекеменің мәліметтер базасында электронды денсаулық сақтау паспорты, пациенттің және дәрігердің жеке кабинеттері болады. Dmed ақпараттық жүйесі тұтынушыларға өз денсаулығының жай-күйі, денсаулық сақтау қызметтері туралы қажетті ақпараттарды алуға мүмкіндік береді», - деді маман.

Екатерина Слободенюк айтқандай, дәрігердің жеке кабинеті оған науқастық физиологиялық жағдайы туралы барлық мәліметтерді көріп, кері байланыс орнатуға жағдай жасайды. Өз кезегінде тұрғындар жеке кабинетіне кіріп, медициналық ұйымның көрсеткен қызметіне баға бере алады