Қостанай облысында Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациямен меморандумға қол қойылды

ҚОСТАНАЙ. 25 сәуір. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин мен Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясының (ENRC PLC) бас атқарушы директоры Феликс Вулис 2011 жылға арналған әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
None
None

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, корпорация Қостанай облысын әлеуметтік абаттандыруға биыл 1,3 миллиард теңге салғалы отыр. Қол қойылған құжаттың аясында бірқатар экономикалық, әлеуметтік және мәдени жобалар жүзеге асырылмақ. Маңызды инфрақұрылымдық жобалардың қатарында Рудный қаласында көшелерді асфальттау, Қашар ауылындағы мектепті жөндеуге демеушілік көмек көрсету жобалары бар. Сондай-ақ футболды қолдауға, шайбалы хоккейді дамытуға, жалпы өңір спортын дамтуға 400 миллионнан астам теңге қаражат жұмсауды жоспарлауда.

Корпорация Қостанайдағы мешіттің және Рудныйдағы шіркеудің құрылысына, діни орталықтарға көмектесуге 320 миллиондай теңге бөліп отыр. Меморандум аясында облыстың мәдениет, өнер және білім қайраткерлеріне де қолдау көрсету шаралары қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар
Референдум