Қостанай облысында газ өшірілмейді - оператор
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайдағы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өндіріс филиалында әлеуметтік желіде тарап жатқан 2023 жылдың бірінші қаңтарынан бастап Қостанай облысында газ өшірілетіні туралы ақпарат жалған екенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kstnews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қостанай облысында тауарлық газ жеткізу бұрынғы режимде, тұрақты және үздіксіз жүргізіледі. Тек ресми ақпарат дереккөзіне сенуді сұраймыз», - деп атап өтті «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ газ операторының филиалынан.
Фото: onenergyconsulting.it