Қостанай облысында қар құрсауында қалған 35 жолаушы құтқарылды

27 ақпан мен 5 наурыз аралығында Қостанай облысы ТЖД аумақтық бөлімшелері Науырзым, Жітіқара, Амангелді, Қамысты аудандарында, сондай-ақ Арқалық қаласының маңында 7 авариялық-құтқару операциясын жүргізді.
35 адам құтқарылды, оның ішінде 9 бала бар.
5 наурыз күні сағат 22:15-те құтқарушылар полицейлермен бірге Амангелді ауданында Қарасу ауылынан 25 шақырым жерде жоғалған шопанды іздеді.
23:30-да 2004 жылғы азамат Қарасу ауылынан 12 шақырым жерден табылды. Медициналық көмекке мұқтаж емес, дереу Қарасу ауылына жеткізілген.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 4 наурызда Науырзым ауданының аумағында қолайсыз ауа райынан Дәмді және Қожа ауылдары арасындағы Әулиекөл-Жолдама облыстық маңызы бар автожол учаскесіндегі жағдай ушығып кетті.
9 жолаушысы бар 2 жеңіл автокөлік қар құрсауында қалды. Оқиға орнына № 26 Амангелді өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері барды.
Сағат 11:15-те Амангелді құтқарушылары Қожа ауылына 3 адамды жеткізіп, жергілікті полиция қызметкерлеріне тапсырды.
Сол тасжолдың басқа учаскесінде Ушаково ауылының маңында 13 автокөлік, 10 жеңіл және 3 жүк көлігіні кептелісте қалып қойды. Автокөліктерде 15 адам, оның ішінде 9 бала болды.
Құтқарылған азаматтар Әулиекөл ауылына сағат 17:05-те жеткізілді.
Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, құтқару жұмысы сәтті өтті. Зардап шеккендер жоқ.
112 қызметі жүргізушілерге ұзақ сапардан бас тартуға кеңес береді.