Қостанай облысында карантин шектеулері жеңілдеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қостанай облысының аумағында шектеу карантиндік шараларын жеңілдетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірдің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Департамент таратқан мәліметтерге қарағанда, ұйымдардың/объектілердің COVID-19-ға қарсы вакцинациялауды алмаған қызметкерлері үшін (соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және COVID-19 ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) күндізгі режимде жұмысқа жіберілуін шектеу;
«Ashyq» жобасына қатысатын қалааралық, облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың), объектілердің жүруіне рұқсат беру;
Көлік бірліктерінің ең көп саны қауырт уақытта желіге шығатын қалалық қоғамдық көліктің жұмысына рұқсат беру;
өңірлер мен елді мекендер арасында жеке автокөліктің жүріп-тұруына рұқсат беру;
Қостанай облысы елді мекендерінің аумағы бойынша тұрғындардың маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, уақыт бойынша шектеусіз жүріп-тұруына рұқсат беру көзделген.