Қостанай облысында қасақана алимент төлемеген әке тұтқындалды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданында сот алимент төлемей, 915 мың теңге қарыз болған әкені қамауға алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Борышкер әке өзінің екі баласына ай сайынғы табысының жартысын аударып отыруға міндеттелген, деп түсіндірді Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі. Алайда ол алимент төлеуден бас тартқан. Сонымен бірге, борышкер сот бұйрығын назарға ілмеген. Оның алимент бойынша қарызы 915 мың теңгеге жетті.

Сот борышкер әкені екі тәулікке қамау жөнінде әкімшілік жаза тағайындады. 

Соңғы жаңалықтар