Қостанай облысында келесі жылғы дала жұмысына дайындық басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысында келесі жылы егін егуге 530 мың тонна тұқым дайындалды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Облыс бойынша дәнді дақылдарды жинау жұмыс аяқталуда. 4,35 млн гектары немесе 99,4 пайызы бастырылды. 2 млн 924 мың тонна астық жиналды. Астық қабылдау кәсіпорындарына келіп түскен 334 мың тонна бидайдың 96 пайызы 3-сыныпқа сай келеді, сапасы жоғары. Облыста өнімді сақтауға арналған сыйымдылық жеткілікті. 8,3 млн тоннаға арналған қойма бар. Тұтыну нормаларына сәйкес, облыс халқына нан өнімдерін өндіру үшін ұнның жылдық қажеттілігі 22 мың тоннаны құрайды. Осы мақсатқа 31 500 тонна астық өңдеу қажет. Облыс ұнмен толық қамтамасыз етілген», - деді өңір басшысы.

Оның атап өтуінше, қысқы мал азығына 1 млн 73 мың тонна шөп немесе қажетті көлемнің 99 пайызы дайындалды. Жұмыс жалғасып жатыр.

«Форвардтық сатып алу бойынша шаруашылықтар Азық-түлік коропорациясынан 9 млрд 900 млн теңге қаражат алды. Бұл сомаға 194 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін тапсыруы тиіс. Уәкілетті астық қабылдау кәсіпорындарына 38 мың тонна немесе 20 пайызы жеткізілді. Жұмыс жалғасуда. Қазіргі уақытта тауар өндірушілер келесі жылдың дала жұмысына дайындық жүргізуде. Қажетті тұқым 530 мың тонна көлемінде толық дайындалды», - деді Архимед Мұхамбетов.


Соңғы жаңалықтар