Қостанай облысында көктайғақ салдарынан рейстік автобус апатқа ұшырады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Қостанайда 20-дан астам жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оған өткен түнде жауған жауын салдарынан орын алған көктайғақ себеп болуда. Полицейлер қаладан сыртқа шығатын жолды жапты. Бұл туралы Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Қостанайдан Түменге бара жатқан рейстік автобус та апатқа ұшырады. Затоболь кентіне кіреберісте көлік артқы бөлігімен жол жиегіне сырғып кетті. Арнайы қызмет автобусты эвакуациялады, жолаушылар аман-есен.

Әкімшілік полицияда атап өткендей, апаттың көбеюіне көлік иелерінің қысқы резеңкені уақтылы ауыстырмауы да себеп болуда.

Соңғы жаңалықтар