Қостанай облысында көлік қаққан 13 жасар велосипедші қаза тапты

ІІД-нен болған оқиғанын мән-жайын хабарлады. Кеше, 9 қазан күні кешкі сағат 20-да Қарабалықтың 25 жастағы тұрғыны өзінің «ВАЗ-2112» көлігімен жолға шыққан. Бұл кезде Қарабалыққа велосипедпен екі жасөспірім бара жатқан еді. Жүргізуші балаларды тым кеш байқады.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан жасөспірімдердің бірі оқиға орнында қаза тапты, көптеген жарақаттар алған екіншісі аудандық аурухананың хирургиялық бөліміне жеткізілді.
Оқиғаның мән-жайын тексеру кезінде сол күнгі кеште ұлдардың велосипедпен Гурьянов ауылынан Қарабалыққа қайтып келе жатқаны анықталды. Велосипедтің рамасында отырған баланың аяқ киімі ұшып кеткен. Ал велосипедті айдап келе жатқан жасөспірім оны бұрған кезде көлікпен соқтығысып қалды.
Сараптамалық зерттеу көлік жүргізушісінің мас емес екенін анықтады.