Қостанай облысында көшелерге тәулік бойы кезекшілік орнатылды

ҚОСТАНАЙ. Қазанның 19-ы. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысының жолдары мен көшелеріндегі тәулік бойғы патруль қазанның 25-іне дейін созылады. Бұл шара қазанның 18-інде «Қауіпсіз жол» операциясының аясында жүзеге асырылуда.

Қостанай  облысында   көшелерге тәулік  бойы   кезекшілік  орнатылды

Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, операцияның алғашқы күні өңірде бірде-бір жол-көлік оқиғасына жол берілген жоқ. Жол қозғалысы ережелерін бұзудың 574 факті анықталды, оның ішінде 26 оқиға - рульге мас болып отырумен байланысты. Сондай-ақ құжатсыз көлік айдаған 27 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

Жылдамдықты асырғаны үшін - 149 жүргізушінің, апатты жағдай туғызғаны үшін - тағы 5 жүргізушінің үстінен хаттама толтырылды. Оған қоса 31 жаяу жүргінші жол қозғалысы ережелерінің талаптарын орындамағаны үшін жауапқа тартылды.