Қостанай облысында құқық бұзушылықтың алдын алуға бөлінген қаражаттарды жымқыру фактісі әшкереленді

АСТАНА.  19 қазан. ҚазАқпарат - Қостанай облысында құқық бұзушылықтың алдын алуға бөлінген қаражатты жымқыру фактісі анықталды.
None
None

  Бұл туралы бүгін Парламент Сенатында   «Қылмыстардың алдын алу және құқық бұзушылықтар профилактикасы: қазіргі жай-күйі және жетілдіру перспективалары» тақырыбына арналған конференцияда Бас прокурордың орынбасары Нұрмұханбет Исаев мәлім етті. Сөз арасында ол құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары жөніндегі бағдарламаның өзі де сын көтермейтінін айтты. «Барлық жерде дерлік басқа да бағдарламаларда қарастырылған, жоспарланған шаралар бірін бірі қайталап жатады немесе ондай шаралар жауапты тұлғалардың міндеттеріне кіреді және олардың ағымдағы шаруасы болып табылады. Тіпті тәжірибе жүзіне келсек, біз алдын алу мәселелерінің барлығын өздеріне сондай шараларды жасау қажет ететін адамдарға сеніп тапсырдық. Мәселен, құқық бұзушылықтың алдын алу бағдарламасы бойынша Қостанай облысына бөлінген бюджет қаражаттары жымқырылған. Ал Қызылорда облысында осындай мақсаттағы қаражат тиімсіз жұмслған»,  - дейді Н.Исаев.

 

Соңғы жаңалықтар