Қостанай облысында күн күркіреп, бұршақ жауады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Ауа райының бұзылуына байланысты Қостанай облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

Қостанай облысында күн күркіреп, бұршақ жауады

31 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде күн күркіреп, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан күшті жел соғады. Жел екпіні күндіз кей жерлерде 18 м/с жетеді.

Осы күні таңертең және күндіз Қостанай қаласында найзағай жарқылдайды.