15:41, 05 Қыркүйек 2019 | GMT +6
Қостанай облысында күн күркіреп, күшті жел соғады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты Қостанай облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
6 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстіктен күшті жел соғады. Жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ертең күндіз Қостанай қаласында солтүстіктен соққан желдің күші 18 м/с дейін күшейеді.