Қостанай облысында құтқарушылар РФ және Украина азаматтары мінген жеңіл және жүк көліктерін жырадан шығарды

АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кеше Қостанай облысының Федоровка ауданында сағат 08.40-тан 10.15-ке дейін
None
None

аудандық ТЖБ-нің құтқарушылары Федоровка кентінен 10 шақырым жерде жыраға аударылып кеткен жеңіл көлікті жол бойына шығарды. Машинаның  ішінде екі жолаушы - РФ-ның азаматтары болды.

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарланды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Осы күні сағат 11.30-дан 15.50-ге дейін «Пешков элеваторы» нан өнімдері комбинатының екі «К-700» техникасының жұмылдырылуымен жыраға аударылып кеткен «МАН» көлігі шығарылды. Көліктің ішінде жүргізуші - Украина азаматы болды. Көлік өз бағыты бойынша қозғалысын жалғастырды. Зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар