Қостанай облысында медицина саласының шенеунігі парамен ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі жүйелі түрде пара алып, кәсіпкерлерге «қамқорлық танытқан» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті департаменті басшысы міндетін атқарушы К. Өтегенованы әшкереледі.

 Қостанай облысында медицина саласының шенеунігі парамен ұсталды

Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, тергеу арқылы К.Өтегенованың бопсалаумен жүйелі түрде облыс аумағында фармацевтикалық өнімдерді жеткізумен айналысатын кәсіпкерлерден тексеру барысында анықталған заң бұзушылықтар бойныша әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін заңсыз ақшалай сыйақылар алып тұрған.
Осылайша, қызмет бабын асыра пайдаланып, өз пайдасы үшін Өтегенова К. кемшіліктерге көз жұмып, тексеру қорытындысы бойынша оң дәйектеме беру үшін жеке кәсіпкерден 400 000 теңге көлемінде пара алған. Сонымен бірге, К.Өтегенова департаменттің бас есепшісіне қызметкерлерге сыйлықақы бөлу туралы тапсырма беріп, 150 мың теңгені өз қалтасына  жымқырған.
Лауазымды тұлға өз кінәсін толық мойындады. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.