08:17, 19 Қазан 2012 | GMT +5
Қостанай облысында мешіт өртенді
АСТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні кешқұрым Қостанай облысының Құсмұрын кентінде мешіт ретінде қайта жабдықталған бір қабатты тұрғын үйде өрт болды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нан.
Тілсіз жау 1,5 сағаттан кейін сөндірілді. Онымен күреске ҚР ТЖМ Қостанай облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Жалын 10 шаршы метр жерді шарпыды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.