Қостанай облысында мұз жару жұмыстары басталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Су тасқынының алдын алу және мұз кептелістерін болдырмау мақсатында алғашқы жарылыс жұмыстары Таран ауданының Май және Әйет ауылдарында - Аят өзенінде басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Уәлихан Досановтың сөзіне сенсек, биыл мұз жару жұмыстары жылдағыдан ертерек басталды.

«Аталған шараларды «NIKSIT» ЖШС ұйымдастырды. Олар алдымен Аят өзенін, кейін, Арқалықтағы Қайыңды су қоймасының мұзын жарды. Тасқынға қарсы бұл шаралар өзен арнасын мұз бітеп қалмауы, мұзды қопсыту, сең кептелістерін болдырмау және тасқын суларды апаттық жағдайларсыз жіберу мақсатында жүргізілді. Осы тұста балықшыларды көктемгі мұзға шықпауға, өмірлерін тәуекелге тікпеуге шақырамыз», - дейді Уәлихан Досанов.Подготовка к паводкам: на костанайских водоемах начались взрывные работы

Жарылыс жұмыстары арнайы комиссияның бақылауында өтіп жатыр. Мамандардың айтуынша, мұз жару жұмыстары сең жүру басталғанға дейін жүргізілуі тиіс.Подготовка к паводкам: на костанайских водоемах начались взрывные работы

Соңғы жаңалықтар