Қостанай облысында Наурыз мейрамы қалай тойланды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда Наурыз мейрамы тойланды. Онда қала тұрғындары үшін театрландырылған көрініс, спорттық ойындар, этнографиялық фестиваль, киіз үй қалашығы және басқа да бірқатар іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жайында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мәлім етті.
«Бүгін мыңдаған адам мерекені көңілді өткізу үшін көшеге шықты. Біздің облысымыздың тұрғындары пандемия жылдарында осы мерекені сағынды, сондықтан Наурыз мейрамы шынымен де бүкілхалықтық мерекеге айналды. Осы жарқын мерекеде мен бірқатар іс-шараға, соның ішінде киіз үй қалашығына бардым, онда әрбір киіз үйде бірнеше этномәдени орталық ұлттық атрибуттарды, керек-жарақтарды, картиналарды, тағамдарды ұсынды, қазақы бас киімдерінің, ұлттық әйелдер киімдерінің және басқа ұлттық заттардың көрмесін ұйымдастырды» деп жазды аймақ басшысы.



Сондай-ақ алаңда ұлттық спорт түрлері бойынша жарыс ұйымдастырылған.
Барлық тілек білдірушілер арқан тартуға, қой көтеруге, қазақ күресіне, армрестлинг бойынша жарысқа, сондай-ақ спорттың басқа да түрлеріне қатысты.
«Ұзақ үзілістен кейін Наурыз мейрамы шын мәнінде осы мерекеге тән жаңа үміттердің, мейірімді және жарқын күндердің бастауы болды» дейді әкім.




