Қостанай облысында найзағай ойнап, тұман түседі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты Қостанай облысында ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қостанай облысында найзағай ойнап, тұман түседі

12 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады. Найзағай кезінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Ертең Қостанай қаласында түнде және таңертең найзағай жарқылдап,солтүстік-батыстан жел соғады. Жел қарқыны найзағай кезінде 15-20 м/с жетеді.