Қостанай облысында орманды алқаптың төрт жерінде өрт сөндіріліп жатыр
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі жедел штабының мәліметтері бойынша, қазіргі таңда өрт сөндіру жұмыстары қатарынан бірнеше жерде жүріп жатыр. Өрт сөндірушілерге енді Бағаналы ауылы маңындағы орманды алқапта да жұмыс жүргізуге тура келіп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сағат 20:00-дегі жағдай бойынша орманды алқаптың 4 бөлігінде өрт сөндріліп жатыр. Олар: Аманқарағай, Лесное, Озерное және Бағаналы ауылдары. Өрт сөндіру жұмыстарына 196 техника, 7 ұшақ, 5 өрт сөндіруші пойыз, сондай-ақ жеке құрамнан 1526 адам жұмылдырылған. Өрт басталғалы 93 үш рет су шашылды»,-деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар қазір тағы ҚР Қорғаныс министрлігінің 3 әуе кемесі көмекке сақадай сай отыр.
Айта кетейік, Қостанай облысында орман өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланды.