11:16, 03 Сәуір 2010 | GMT +5
Қостанай облысында өрт салдарынан 1 адам қаза тапты
АСТАНА. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат - Қостанай облысында өрт салдарынан 1 адам қаза тапты, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен.
Ведомствоның таратқан ақпаратына сәйкес, түнде Қостанай облысының Федоров ауданына қарасты Федоровка елді мекенінде 2 пәтерлі тұрғын үй өрт құшағына оранып, тілсіз жауды ауыздықтау барысында 1941 жылы туған азаматтың денесі табылған. Өрт 9 шаршы метрді қамтыған. Қызыл жалын ҚР ТЖМ Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің 6 маманы мен 1 техникасының күші арқылы сөндірілді.