Қостанай облысында өртте бір адам мерт болды, тағы біреуі ауруханаға жеткізілді

АСТАНА. 9 маусым. ҚазАқпарат - 8 маусым күні түнде Қостанай облысының Қарасу ауданындағы Октябрьский кентінде жекеменшік тұрғын үйде өрт болды.

Қостанай облысында өртте бір адам мерт болды, тағы біреуі ауруханаға жеткізілді

Өрттің таралуы жарты сағатта тоқтатылды, тағы екі сағаттан кейін ол толығымен ауыздықталды. Онымен күреске ҚР ТЖМ Қостанай облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Жалын 37 шаршы метрді шарпыды. Оқиға орнында 63 жастағы ер адамның мүрдесі табылды. Оқиға орнынан түрлі дәрежедегі күйік жарақаттармен 65 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді.