Қостанай облысында өрттің салдарынан күзетші қаза тапты
АСТАНА. 17 тамыз. ҚазАқпарат - Қостанай облысының Ново-Николаевка ауылындағы күзет вагонынан өрт шықты. Тілсіз жауды өрт сөндіру бөлімшелері келіп жеткенше жергілікті тұрғындар ауыздықтады.
Төтенше оқиға орнына жеке құрамның 5 адамы және ҚР ТЖМ Қостанай облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 1 техникасы келіп жетті. Өрт орнынан егде ер адамның мүрдесі табылды.