Қостанай облысында ойын-сауық орталықтарының жұмыс істеуіне рұқсат берілді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында 25 мамырдан бастап карантинді жеңілдетудің жаңа кезеңі енгізіледі. Бұл туралы бүгін облыс әкімінің қатысуымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысында ойын-сауық орталықтарының жұмыс істеуіне рұқсат берілді

Архимед Мұхамбетов коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өткізді. Бүгінде аймақта COVID-19 індетінің 112 жағдайы тіркелген, оның ішінде 50 адам сауығып, 2 науқас қайтыс болған.

Жедел штаб отырысында Жітіқара қаласын қоспағанда, облыс аумағында карантиндік іс-шараларды жеңілдетудің 4-ші кезеңін енгізу туралы шешім қабылданды.

Сонымен, 25 мамырдан бастап келесі нысандардың жұмысына рұқсат етіледі:

1. Азық-түлік емес сауда орталықтары мен дүкендер (алаңы 2000 ш.м. астам), сауда, ойын-сауық орталықтары;

2. Мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары (даму, білім беру орталықтары, үйірмелер, факультативтер және т.б);

3. Банкеттер, үйлену тойлар, мерейтойлар, атаулы іс-шаралар, сондай-ақ мектеп бітіру іс-шараларынан тыс, сағат 7-00-ден 22-00-ге дейін уақытта келушілер саны 30 адамнан аспайтын қоғамдық тамақтандыру объектілері, жазғы террасалар (үстелдерді арақашықтығы кемінде 2 метр);

4. Массаж салондары;

5. 30 адамға дейін репитиция өткізуге арналған кітапханалар, мәдениет объектілері;

6. 30 адамға дейінгі топтарға, оның ішінде тренажер залдарына жаттығу өткізетін спорт объектілері;

7. Қосымша қызмет көрсетусіз қонақ үйлер (СПА, бассейндер, жаттығу залдары, бильярд, кинозалдар, конференцзалдарды жалға алу).

«Ораза Айт мерекесін көпшілік қауымсыз, туған-туыстар мен жақындардың ортасында мерекелеуді ұсынамын. Қазір вирусқа байланысты тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп жатыр және карантиндік шараларды одан әрі жеңілдету туралы шешім эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, кезең-кезеңмен қабылданады», - деді облыс әкімі.





Фото: arman3d.kz