Қостанай облысында полиция қызметкерлері жүргізіп жатқан «Жасөспірім» шарасына мыңнан астам адам қатысуда

ҚОСТАНАЙ. 24 ақпан. ҚазАқпарат - Қостанай облысында өтіп жатқан «Жасөспірім» жедел алдын алу шарасының қызметіне мұғалімдер мен полиция қызметкерлері қатысуда.

Қостанай облысында полиция қызметкерлері жүргізіп жатқан «Жасөспірім» шарасына мыңнан астам адам қатысуда

ІІД-нің баспасөз хатшысы Сәуле Нүрпейісованың мәліметіне қарағанда, кәмелеттік жасқа толмаған 79 жасөспірім, оның ішінде 30 бақылаусыз қалған балалар полиция бөлімшесіне түскен. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары жасөспірімдердің мектеп аумағында ішімдік ішуі бойынша 11 оқиғаны анықтаған. Полиция қызметкерлері мен білім органдарының өкілдері бірлесе жүргізген рейд барысында түгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүрген 55 жасөспірім анықталды. 

Сарыкөл ауданында ойын-сауық мекемесінің әкімшісі 15 жасар қызды дәмханаға кіргізгені үшін әкімшілік жауапқа тартылды.    

Кәмелеттік жасқа толмаған 25 жасөспірім ІІО-ның есебіне алынды.