Қостанай облысында селолық әкімдіктің ғимараты өртеніп кетті

АСТАНА.  Желтоқсанның   22-сі.  ҚазАқпарат -  Сейсенбіге қараған түні сағат 02.40-та    Қостанай  облысындағы Құмкешу ауылында селолық әкімдіктің   бірқабатты ғимараты өртеніп кетті.
None
None

Бұл туралы   Төтенше жағдайлар  министрлігінен  хабарлады.

Ведомствоның  ақпараты  бойынша, тілсіз жау  93  шаршы метр ауданды алып  жатқан     ғимараттан түк  қалдырмаған.   Құрбан болғандар мен зардап шеккендер  жоқ.   Жалын   өрт сөндіру қызметінің күшімен  сағат  06.15-те    ауыздықталып,  сағат  07.15-те   толық сөндірілді.

Соңғы жаңалықтар