Қостанай облысында шетелдіктер наубайханада заңсыз жұмыс істеген
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында екі шетелдік наубайханада заңсыз жұмыс істеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қостанай облыстық көші-қон қызметінің қызметкерлері рейдтік іс-шара жүргізу барысында нан-бөлке өнімін шығаратын нысанда заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстан Республикасының екі азаматын анықтады. Шетелдіктер көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 517-бабы 5-тармағы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Материалдар сотқа жолданды. Бұл бап бойынша олар ҚР аумағынан шығарылуы немесе айыппұл төлеуі мүмкін», - деп хабарлады Қостанай облыстық полиция департаментінен.
Шетелдік жұмыс күшін тартқан наубайхана иесі де жазалануы мүмкін.
Айта кетсек, жыл басынан бері ҚР аумағында болу ережесін бұзған 100-ден астам шетелдік жауапқа тартылған.