Қостанай облысында су тасқыны қаупі төнген елді мекендер анықталды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында тасқын қаупі төнген елді мекендер анықталды. Бұл туралы Қостанай облыстық ТЖД мамандары ақпарат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Өңірде су тасқынына қарсы комиссия құрылып, жоспар бойынша іс-шараларды бастап кетті. Тасқын қаупі төнген 99 елді мекеннің үстінен тікұшақ арқылы барлау жүргізіледі.

«Ресеймен шекаралас және Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы су қоймаларын барлау көзделуде. 15 наурыздан бастап, өңірде 56 мың текше метр мұз жарылады. Бұл өткен жылғыдан екі есе көп. Тасқынға қарсы шараларды жүргізу үшін 50 мың қап, 13 мың тоннадай инерттік материал, 140 тонна жанар-жағар май даярланды. Тұрғындар үшін азық-түлікпен қамтамасыз ету шаралары жүргізіледі. Осы мақсатта ТЖД мен кәсіпорындар арасында 68 келісімшарт жасалған», - делінген ведомство ақпаратында.

Елді мекендерді қардан тазалау жұмыстары да жіті бақылауда. Мәселен, облыс орталығы Қостанай қаласынан 750 мың текше метрден астам қар тысқа шығарылды.


Соңғы жаңалықтар