08:20, 02 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Қостанай облысында суға батып кеткен екі бүлдіршіннің денелері табылды - ТЖМ
АСТАНА. Желтоқсанның 2-сі. ҚазАқпарат - Кеше түнде Қостанай облысы Денисовка ауылындағы өзеннің арнасында 6 және 7 жасар екі баланың денесі табылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Министрліктің хабарлауынша, ойнап жүрген балалар абайсызда суға құлап, батып кеткен. Сәбилердің денелерін судан аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері шығарды.