Қостанай облысында тағы екі ПТР-зертхана ашылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайда Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штаб отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысында тағы екі ПТР-зертхана ашылды

Облыс әкімі коронавирустың өңірде таралуына жол бермеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, қазір 2158 төсек-орын қосымша дайындалды, оның ішінде 1704-і - провизорлық стационарда.

«Соңғы 2 аптада пневмониямен ауыру өткен кезеңмен салыстырғанда 5 есе төмендеді. Сондай-ақ жедел жәрдем қызметін шақыру саны 1 600-ден 750-ге дейін азайғаны байқалады. Облыста КВИ диагностикасы 5 зертханада жүргізіледі. Ветеринарлық зертхана филиалдарының базасында бүгіннен бастап 2 ПТР-зертхана жұмыс істей бастады. Колл-орталық жұмысы күшейтілді, штат екі есе ұлғайды. Жұмыс демалыссыз жүргізіледі. Қоңырау саны күніне 180-ден 120-ға дейін төмендеді. Емханалардың жанынан пациенттерге үйде медициналық көмек көрсететін 160 мобильді әмбебап бригада құрылды», - деді облыс басшысы.

Сондай-ақ, Архимед Мұхамбетов облыста карантиннің сақталуына бақылау күшейтілгенін атап өтті. Облыстағы мониторинг топтарының саны 44-тен 91-ге дейін көбейді.

Осы жылдың 1-30 шілде аралығында мониторинг топтары 2099 меншік нысанын тексерді. 118 заңбұзушы анықталып, хаттама толтырылды.

Ішкі істер қызметкерлері локдаун режимін бұзған 1680 адамға ескерту жасады.


мерц
Ұқсас жаңалықтар

АҚШ-тың жаңа баж салығы бүкіл Еуропаға соққы — Мерц