Қостанай облысында «Тобыл-Қарталы» бағытындағы жұмыс пойызының құрамына үш жолаушылар вагоны тіркелді

ТАНА. 19 тамыз. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - Қостанай облысында № 5201/5202 «Тобыл-Қарталы» бағытында қатынайтын жұмыс пойызының құрамына үш жолаушылар вагоны тіркелді.

Қостанай облысында «Тобыл-Қарталы» бағытындағы жұмыс пойызының құрамына үш жолаушылар вагоны тіркелді

«2011 жылдың 19 тамызынан бастап «ҚТЖ»ҰК» АҚ халықтың теміржол көлігіндегі жолаушылар тасымалына деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында, сондай-ақ Қостанай облысы тұрғындарының өтініштерін ескере отырып, № 5201/5202 «Тобыл-Қарталы» бағытында қатынайтын жұмыс пойызының құрамына үш жолаушылар вагонын тіркеді. Тасымалдаушы - «Қала маңындағы тасымал» АҚ («Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның еншілес кәсіпорны)», - деп атап өтті «Жолаушылар тасымалы» компаниясы баспасөз қызметінің өкілдері.

Пойыздың құрамы бес вагоннан тұрады, оның бірі - жабық, бірі - «ҚТЖ»ҰК» АҚ-ның қызметкерлеріне арналған кластық және жолаушыларға арналған үш қосымша вагон. Әр қосымша вагонда жолаушыларға 81орын қарастырылған. Бағыттың әлеуметтік маңызы жоғары. Себебі, «Тобыл-Қарталы» жұмыс пойызы «Баталы», «Заятск», «Ақсу» стансыларының және 11 елді мекеннің тұрғындары үшін осы бағыттағы негізгі қатынас құралы болып табылады.

Осы қатынастың арқасында «Тобыл-Қарталы» маршруты бойынша бір бағытта 243 жолаушыны қосымша тасымалдауға мүмкіндік бар. Теміржол билетінің құны Тобыл стансасынан Қарталы стансасына дейін 407 теңгені құрайды.

Еске салайық, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының үкіметаралық келісіміне сәйкес, 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап 102 шақырымды құрайтын «Тобыл-Ақсу» теміржол учаскесі ресейден «ҚТЖ»ҰҚ» АҚ-ның теңгеріміне берілді. Осы уақытқа дейін бұл теміржол учаскесі бойынша Ресей Федерациясының Оңтүстік-Урал теміржолына қарайтын №6527/6528 «Қарталы-Тобыл» қала маңы пойызы қатынап, ол 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап қатынауын тоқтатты.