Қостанай облысында Тобылға батып кеткен балықшының денесі табылды

АСТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат - 23 қараша күні Қостанай облысының Жамбыл ауылында Тобыл өзеніне батып кеткен 49 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

Қостанай облысында Тобылға батып кеткен балықшының денесі табылды

Балықшының денесі жер бетіне Қостанай облысы бойынша ТЖД судан-құтқару қызметінің күшімен шығарылды.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, ер адам 22 қараша күні балық аулауға шыққан.