Қостанай облысында трактор мен автобус соқтығысып, екі адам көз жұмды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында автобус пен трактор соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысында трактор мен автобус соқтығысып, екі адам көз жұмды

Облыстық полиция департаменті баспасөз хатшысы Ирина Беженарьдің айтуынша, жол апаты «Рудный-Қашар» тасжолында болған.

«Жұмыскерлер алып келе жатқан ауысымдық автобус трактормен соқтығысты. Екі адам көз жұмды, тағы бірнеше адам ауыр дене жарақатын алды. Осы дерек бойынша тергеп-тексеру шаралары басталды», - деді И.Беженарь агенттік тілшісіне.

Қазіргі уақытта Рудный қалалық ауруханасына 20 шақты адамның жүгінгені белгілі болды.